Қыз баланың ішегінен қалам мен скотч алынған

Primary tabs

Mar 04, 2019 / 0 comments

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 12 жастағы қызға ота жасаған дәрігерлер қыз баланың асқазанынан шаш, қалам және скотч тапқан. Бұл туралы "Лада" сайты хабарлады. 

Жаңаөзендегі облыстық ауруханада психикалық дамуында ауытқушылығы бар 12 жастағы қыз балаға шұғыл ота жасалды.

 Ð–аңаөзен дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан күтпеген заттар анықтады

Қыз бала ауруханаға іш ауруына шағымданып, ауыр халде жеткізілген. Ол бірнеше рет құсыпты.

"Іш қуысының рентгені жасалып, онда көптеген бөгде заттар бары анықталды. Шұғыл ота нәтижесінде қыз баланың ішегінен қалам, скотч және шаш алынды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Ақ халаттылардың сөзінше, отадан кейінгі кезеңде асқыну болмаған. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.