Құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі

Primary tabs

Feb 07, 2019 / 0 comments

Алматы қаласының ТЖ Департаменті 2019 жылғы 07 ақпанда жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.
Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, «Азаматтық қорғаудың медиа-серверімен» теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылуда.
Алдағы уақытта әр айдың бірінші бейсенбіде сағат 12:55-те, мерекелік күнге сәйкес келген жағдайда келесі бейсенбіге калдырумен құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі.
Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады. 
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі