Әбілқасымова өзінің отставкаға кетуін талап еткен үндеулерге жауап берді

Primary tabs

Feb 12, 2019 / 0 comments

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Астанада бес баланың өліміне себепкер болған өрттен кейін өзіне қарсы айтылған пікірлер мен отставкаға кету туралы үндеулерге жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әбілқасымова министрліктің алдында әрдайым қоғам үшін өзекті мәселелер тұратынын, сол себепті сын үнемі туындайтынын айтты.

"Осыған байланысты, өз кәсібімізге қарай белгілі бір сын естиміз. Бастысы, біз қорытынды шығарып, жағдайды жақсартуға тырысамыз. Алдағы уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қолданылатын болады", - деді Әбілқасымова.

Оған қоса, министр өткен аптада президенттің тапсырмасына сәйкес қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жұмыс істеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

"Соның аясында халықтың неғұрлым осал жіктерін қолдау жөніндегі барлық шаралар қарастырылатын болады", - дейді министр.

Еңбек министрі алғашқы отырыста нақты тапсырмалар берілгенін және штабтар құрылғанын айтты.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта елдегі жаұялардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, көпбалалы аналардың ұсыныстары қабылданып жатқанын атап өтті.

"Жұмыс тобының отырысы осы бейсенбі күні тағы болады. Жұмысқа түсіп жатқан ұсыныстар көп. Оның ішінде жәрдемақыларды, тұрғын үй сұрақтарын және мекен-жайлық көмектерді қайта қарау бар", -деді министр.

Айта кетейік, қоғамды дүр сілкіндірген оқиға 4 ақпан күні орын алған. Сол түні Астанада өрт сөндіру кезінде бес баланың денесі табылды.

Бұл қайғылы жағдайдан соң көпшілік Еңбек министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етті.