Өзбекстан президенті Елбасының денсаулығына алаңдаушылық білдірді

Primary tabs

Jun 19, 2020 / 0 comments

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz  «Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді.

 Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін», - делінген жеделхатта. Айта кетсек, бүгін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Соған қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.

Дереккөз:https://www.inform.kz/kz