17 сәуірде елімізде телерадио хабарлар тоқтатылады

Primary tabs

Apr 16, 2019 / 0 comments

 17 сәуір күні Қазақстанда телерадио хабарлар тарату уақытша тоқтатылады деп хабарлайды "Қазтелерадио" 

Ұлттық оператордың ақпараты бойынша, 17 сәуір күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін профилактикалық жұмыстар жоспарланған. Сондықтан, осы уақыт аралығында телерадио хабарлар тарату уақытша тоқтатылады.

Бұл шаралар халыққа телерадио хабарлар таратудың сапасын арттыру үшін орындалатынын айтқан компания қазақстандықтардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.