2019-да Алматы көшелеріне қатысты қандай өзгеріс күтілуде?

Primary tabs

Dec 31, 2018 / 0 comments

Алматының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы келер жылы қандай көшелер жөндеу жұмыстарынан өтетінін мәлімдеді. Оған қоса, ол жоғары бордюрлар мен қаладағы арықтар мәселесіне тоқталып өтті деп жазады "Алматы" телеарнасы.

Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, 2019 жылға жоспарланып қойған қаладағы жөндеу жұмыстары жалғаса бермек.

Құрманғазы көшесінен 28 панфиловшылар паркіне дейінгі аралықтағы Достық даңғылына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, Төле би көшесінің Панфилов пен Қалдаяқов көшелерінің аралығы жөндеуден өтпек.

 Алмасхан Ахмеджанов жоғары бордюрларға қатысты да айтып өтті.

"Жоғары бордюрлар - тратуар элементі. Жаяу жүргіншілер жүретін жерлерде қиындық тудыратын барлық кедергілерден құтылуға тырысып жатырмыз. "Қала адамдар үшін" жобасына сәйкес, инфрақұрылым жаяу жүргіншілер үшін қолайлы болуы аса маңызды" , - деді Ахмеджанов.

Ал арық жүйесі басшының айтуынша, сол қалпында қалмақ. Адам көп шоғырланған жерлерде арықтардың беті қақпақпен жабылатын болады.