Астанада болған қайғылы жағдайдан соң, әр өңірде көп балалы аналар бас көтеріп, өз талаптарын билікке басып-басып айтып жатқаны белгілі.Бүгін Қарасай ауданының бір топ Алтын және Күміс алқа иегерлері аудандық әкімдік алдына жиналды. Журналистерді шақырып, өз өтініштерін жоғары жаққа жеткізгісі келген нәзік жандыларды аудан әкімі Жандарбек Далабаев аудан әкімдігінің мәжіліс залында қабылдады.