Country

«Кет, Аман!». Кемерово тұрғындары Аман Төлеевтің отставкасын талап етуде

Mar 27, 2018 / 0 comments

Кемерово халқы көтерілді. Сауда орталығындағы өрттен кейін 4 мыңдай адам әкімшілік ғимаратының алдында митингке шығып, «Аман Төлеев кетсін» деген талап қойыпты.

 

Айта кетсек, Кемеровода қазір Ресей президенті Владимир Путин жүр.

Кафедегі лағман мен самсаның есек етінен жасалғаны әшкере болды

Mar 27, 2018 / 0 comments

Өзбекстанның Ферғана қаласында есек сойып сатқандардың ісі әшкере болып, үлкен дау тудырды, деп хабарлады sputniknews.kz.

«Узбекистан 24» телеарнасы Ферғанадағы бірқатар қоғамдық тамақтану орны есек етін сатып алып, сиыр және қой етінің орнына пайдаланғаны туралы видеоролик көрсетті.

7 жасар баланың ісі: Селтановтар отбасы сенсациялық мәлімдеме жасады

Mar 25, 2018 / 0 comments

ОҚО-да 7 жасар баланың зорланғанын жасыруға тырысты деп айыпталған Селтановтар отбасы даулы оқиғаға қатысты өз ойларын айтты. Селтановтар жаұясының бірнеше мүшесі Абай ауылында жауапты қызмет атқаратыны жайлы ақпарат бұған дейін тараған еді.

Оның ішінде баланы зорлаған болуы мүмкін деген оқушылар білім алатын мектеп директоры, тіпті баланы тексерген аурухананың уролог-дәрігері де бар.

Әкесі қытайға тұрмысқа шыққан қызын той үстінде атып тастаған

Mar 25, 2018 / 0 comments

 Шамасы 20 -30 жылдың алды болса керек, біздің жөспірім кезіміз болатын ҚХР Үрімші қаласының қала бастығы Жәкең ағамыз өз қызының қытай азаматқа күйеуге шығамын деген ұсынысын естійді. Қытай жігіт те үлкен шенеуніктің баласы екен. Өз баласын райынан қайтара алмаған әке той күнін белгілетеді.

«Кірме, кет!..»: Алматыда киіз үйге кірмек болған ақсақалды кеудесінен итеріп қуып шықты (видео)

Mar 25, 2018 / 0 comments

Наурыз ел көлемінде тойланатын мейрам емес пе? 

Осы мейрамға деп тігілген киіз үйлердің есігі ашық болуы керек. Әкімдер де айтқан бұл туралы.

Ал мына жағдайға не деуге болады?

 Instagram-дағы парақшаларың бірінде жарияланған бұл оқиға Алматыда болған екен. Киіз үйге кірмек болған ақсақалды екі еңгезердей жігіт кеудесінен итеріп жатыр.

Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың өзіне қамқоршы болып келгенін айтты

Mar 25, 2018 / 0 comments

Танымал эстрада әншісі Мақпал Жүнісова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевты туған күнімен құттықтай отырып, оған арнап альбом шығарғанын айтты.

Осыдан екі күн бұрын Болат Назарбаев 65 жасқа толған болатын. Әнші жүрекжарды лебізін өзінің Instagram-парақшасы арқылы жеткізді.

Су тасқыны Өскемен қаласына да жетті

Mar 25, 2018 / 0 comments

3 тәулік ішінде ШҚО-да 220-дан астам үйді су басқан. 

Глубоке ауданындағы Глубочанка өзені арнасынан асып, бірнеше елді мекен су астында қалған. Аудан орталығы Глубокое кентінің өзінде 29 үйге су кірген екен. Облыстың әкімі Даниал Ахметов тасқынның екінші толқынынан ең көп зардап шеккен Глубоке ауданына түнделетіп барды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Астанада көк шармен жүрген бірнеше адамды полиция ұстады

Mar 23, 2018 / 0 comments
Бүгін Астана қаласы әкімдігі алдындағы алаңда полиция Наурыз мейрамы күні қолына көк түсті шар ұстап көшеде жүрген бірнеше тұрғынды ұстады. Азаттық тілшілері полиция автобусы ішінде екі қыз отырғанына куә болды. Азаттыққа олар полиция өздерін "шарға бола" ұстағанын айтып берді. Кейін жеке мәліметтерін жазып алған соң полиция екі қызды босатып қоя берді. Қолына Қазақстанның символикасы бар бірнеше көк шар ұстаған Астана тұрғыны Мунис Біләловтің Азаттыққа айтуынша, полиция оны көшеден "құжаты жоқ болғандықтан" ұстап, автобусқа әкелген.

"Ұлы боксшы GGG!" - Сталлоне Головкин жайлы

Mar 23, 2018 / 0 comments

Әйгілі актер әрі продюсер Сильвестр Сталлоне Instagram желісіндегі парақшасында Геннадий Головкиннің суретін салып, футболкасына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлы боксшы GGG! Бокс әлемінде жұрт реванш кездесуді тағатсыздана күтіп отыр! Тамаша жейде...", - деп жазды Сталлоне. Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Вьетнамда көпқабатты үйдегі өрттен 13 адам мерт болған

Mar 23, 2018 / 0 comments

Вьетнамның Хошимин қаласында көпқабатты тұрғын үй кешенінде болған өрттен кемінде 13 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам зардап шеккен.

Reuters дерегінше, 20 қабатты ғимараттағы өрт кезінде кейбіреулер терезеден секіруге әрекет жасаған, құрбан болғандардың көбі түтінге тұншығып көз жұмған. Полиция өрт шыққан ғимаратта қанша адам болғаны әзірше белгісіз екенін айтады.

Pages