Алматыда 1-20 қыркүйек арасында “Халық бюджеті” жобасы аясында өтініштер қабылдана бастайды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 тамызда 1 қыркүйектен бастап қалада “Халық бюджеті” жобасы аясында аумақтарды абаттандыру және дамыту бойынша өтінімдер қабылданады. Аудан әкімдіктері үздік жобаларды 2024 жылы жүзеге асырмақ.
Өтінімдерді budget.open-almaty.kz сайты арқылы жіберуге болады. Олар жобалық ұсыныстың атауы мен сипаттамасын, орналасқан жерінің мекенжайын, болжамды фотосуреттерді немесе эскиздерді, жобалық ұсыныстың сметасын (интернеттен шамамен есептеулер мен мысалдарға жол беріледі) қамтуы тиіс.
Өтінімдер үшін келесі ережелер қолданылады:
- бір автор, бір өтінім, бір объект;
- нысан жалпы пайдалануды қамтуы керек;
- объект оны іске асыру жоспарланған ауданда, жалпы пайдаланымдағы жер учаскесінде орналасуы тиіс;
- жобаны іске асыру құны 86,2 млн теңгеден аспауы тиіс.
Өтінімдер тоғыз санат бойынша қабылданады:
- көгалдандыру;
- тротуарларды жайластыру;
- тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары,
- көшелер және т. б.) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- шекараларды, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
- полигондарды жою;
- балалар ойындары мен ересектердің демалуына арналған беседкаларды, орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен конструкцияларды жалпы пайдалану орындарында орнату және жөндеу;
- аулаларда және жалпы пайдалану орындарында спорт алаңдарын (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
санитарияны қамтамасыз ету.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптамалық кеңестер мен аудан әкімдіктері ұсынылған жобалардың өлшемдерге сәйкестігін бағалайды. Қарау қорытындысы бойынша әрбір өтінім дауыс беруге жіберіледі, қабылданбайды немесе пысықтауға жіберіледі. Егер өтінімді пысықтау қажет болса, оны қайта қарастыруға болады (бұл туралы жоба авторына электрондық пошта арқылы хабарланады).
“2019 жылдан 2022 жылға дейін “Халық бюджеті” аясында 14 млрд теңгеге 541 жоба іске асырылды:
- 2020 жылы 1,2 млрд теңгеге 49 жоба;
- 2021 жылы 5,4 млрд теңгеге 256 жоба;
- 2022 жылы – 7,4 млрд теңгеге 236 жоба.
- 2023 жылы 52 жоба іске асырылды.
Іске асырылып жатқан 163 жоба бар. Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы 15,5 млрд теңге бөлінді (салыстыру үшін, 2022 жылы – 8,5 млрд теңге, 2020 жылы – 7,4 млрд теңге)”, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.