Қазақстанда 255 мың теңге көлеміндегі аударым тексеруге себеп болуы мүмкін, – деп хабарлайды Kaskelen.kz
– Мәселе қайдан шықты?
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қаржы министрлігіне қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын бақылауға қатысты сауал жолдаған болатын. Депутаттар 100-ден аса мобильді аударым үшін нақты сома аңықтамалғанына назар аударды. Яғни қазақстандықтарға қанша теңге алғаннан кейін салық төлеуге тура келетіні нақтыланбаған. Депутаттардың сөзінше, 100 теңгеден басталатын шағын аударымдар да фискалдық бақылау үшін негіз болады.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені алда да қарастырып, өзгеріс енгізуі мүмкін:
“Жеке тұлғаның банк шотына үш ай ішінде ай сайын жалпы сомасы 3 ЕТЖ-дан асатындай (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 255 000 теңге-еск.) 100 және одан да көп адамнан ақша түсуі”,- деп жазылған жауапта.