Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Әйелдер неге жоқ жерден ұрыс шығарады – Психолог себебін айтты

фото: pixabay.com

Әйелдер неге жоқ жерден ұрыс шығарады – Психолог себебін айтты

07.01.2024
Керек - Дерек
188
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ерлі-зайыптылар мен қыз-жігіт болып кездесіп жүрген жұптардың арасында ұсақ-түйектен шыққан түсініспеушілік, үлкен жанжалға ұласып жатады. Көп жағдайда әйелдер тырнақ астынан кір іздеп, жанжалға себеп болатыны жасырын емес. Осы ретте психолог әйелдердің мұндай мінез көрсетуінің өз себебі барын айтады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Аргументы и факты баслымына сілтеме жасап.

Психолог Татьяна Василькованың сөзінше, жоқ жерден ұрыс шығарып, өзін бұзық баладай ұстау – әйелге тән мінез.

“Сүйіктіңіздің осыған ұқсас “қылығын” байқасаңыз оның сізге айтары бар деген сөз. Күйзелісте жүрген әйелдер болмашы нәрсеге бола ұрыс шығарады. “Ол неге жабырқап жүр?” деген заңды сауал туады. Себебі әйелдің белігілі бір қажеттіліктері бар және оған қол жеткізе алмай жүр. Әйелдерде жанжалға әкеп соғатын 4 қажеттілік бар.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Өзіне назар аудартып және мақтау естігісі келеді

Әйел күйеуінің өзіне риза екенін көріп, одан мақтау естігісі келеді. Күйеуінің аузынан өзінің жақсы, үлгілі әйел екенін естігісі сонымен қатар күйеуіне оның бойындағы кемшіліктерін мойындатқысы келеді. Әрине, ер адамның мұндай сөздерді айтуы екіталай. Алайда әйел күйеуінен дәл осы сөздерді естуді қалайды. Ол күйеуіне “Мені жақсы көретініңді айтшы” деп тіке айта алмайды. Өйткені өзін төмендеткісі келмейді. Ал бұл сөздерді ести алмаған соң “Сен неге ештеңе байқамайсың?”, “Мендегі өзгерісті көрмейсің бе?” деп наразылық білдіре бастайды. Ер адам шаш үлгісі, жаңа ваза секілді болмашы дүниелерді расымен байқамайды. Осыдан жанжал туады. Ер адам жаратылысынан ым, ишараны түсінбейді. Оларға не керегін тіке айту керек.

Билікті өз қолына алғысы келеді 

Әйелі үйдің белгілі бір бөлігі өзіне тиесілі болғанын, өзіне құқық берілуін қалайды және сол үшін күреседі. Сонымен қатар әйел адам күйеуінің қандай да бір мәселелерде өзімен санасқанын, құрметтейтінін қалайды. Қарым-қатынастағы билік пен теңдік үшін күрес көп жағдайда жанжалға әкеп соғады.

Демалу және жағымсыз ойлардан арылу

Егер ер адам белгілі бір нәрсені дұрыс істемесе немесе әйелге қандай да бір жағдай ауыр тисе ол жағымсыз ойлар мен сезімдерден арылғысы келеді, яғни кек алуды ойлайды. Осылайша ол демалады. Өзін қиын жағдайда қалдырған күйеуіне ауыр тиетіндей әрекетке барады. “Жақсы күйеу болып жарытпаған екенсің, мен де үлгілі әйел болмаймын” деген ойда болады. Ол ауыр ойлардан арылу үшін күйеуін ренжіту мақсатында жанжал шығарады.

Әлденеге зауқы соқпаса немесе жұмыс жасағысы келмегенде ұрыс шығарады.

Бір нәрсені жасағысы келмегенде әйел ауруды сылтау етеді немесе кінәлі адамды іздейді. Айналасындағылар өзін аяу үшін ауырған сыңай танытады.

“Өзіне шын мәнінде не керегін білетін әйел өзі шығарған дау-жанжалдың себебін түсінеді. Ал болмашы нәрсеге бола ұрысу қарым-қатынасқа кері ықпал ететіні жасырын емес. Сол себепті ер адам әйелге “Мен сені сүйемін” деп жиі сезімін білдіріп, сыйлық жасап тұруы қажет. Сондай-ақ күйеуінің әр ісінен өзіне деген махаббатты көріп, оны бағалай білгені жақсы. “Сен мені сондай жақсы көресің” деген сөздер арқылы ер адамдар сезімін білдіріп тұрса артық етпейді. Сонда ғана әйел жоқ жерден жанжал шығаруға әуес болмайды”, – дейді психолог.

Тег: әйелпсихологұрыс

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

31.07.2025

Қазақстанда балалардың ақпараттық және цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығуда. Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің...

Келесі
Қарағандыда көше тазалаушы айына 20 мың теңге алатынын айтып шағымданды

Қарағандыда көше тазалаушы айына 20 мың теңге алатынын айтып шағымданды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz