Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Банктен депозит ашқан кезде нені ескеру керек?

фото: ашық дереккөз

Банктен депозит ашқан кезде нені ескеру керек?

10.01.2024
Керек - Дерек
14
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Депозит азаматтардың жинағын сақтауға, көбейтуге көмектеседі. Сол себепті өзіңізге ең тиімді депозит таңдау үшін әуелі банктік салым шартымен мұқият танысып шығу керек. Депозит ашудағы қыр-сырларды kaskelen.kz тілшісі сіздерге толық түсіндіріп береді.

Банктік депозит арқылы қазақстандықтар өз жинағын құнсызданудан сақтап қана қоймай, мөлшерін арттыра алады. Бірақ егер инвестициялау нысаны дұрыс таңдалмаса, ол тиімсіз болып, мүлдем қосымша табыс әкелмеуі мүмкін.

Сондықтан Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) өкілдерінің айтуынша, қандай да бір банкте депозит ашпас бұрын банкпен жасалған келісімшартпен танысып алған жөн. Осы орайда депозитті филиалда да, мобильді қосымша арқылы да ашуға болатынын айта кетейік.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Тәжірибелі инвестор болсаңыз да, қарапайым салымшы болсаңыз да банк келісімшартын дұрыс оқып, толық түсініп алу керек. Бұл тәуекелдер мен күтпеген жағдайлардан сақтануға көмектеседі”, – дейді қор сарапшылары.

Келісімшартты зерттеген кезде не нәрсеге назар аудару керек?

Әрбір банктің келісімшартында қарастырылған жеке талаптары болуы мүмкін. Бірақ әдетте, барлық келісімшартта кездесетін бірнеше негізгі пункт бар.

Кез келген банктік салым келісімшартында мынадай мәліметтер болуға тиіс:

  • мерзімі, яғни депозит қай кезге дейін күшінде болатыны туралы мағлұмат;
  • қаражат салу және сыйақы төлеу шарттары;
  • салымды толық немесе ішінара қайтару шарттары;
  • толықтыру мүмкіндігі;
  • келісімшартты создыру талаптары;
  • пайыздық мөлшерлеме.

Пайыздық мөлшерлеме неғұрлым жоғары болса, соғұрлым депозит салымшы үшін тиімді болады. Депозит түріне, қай валютада сақталғанына байланысты салынған қаржы мөлшері айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, Қазақстанда доллармен сақталған депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі бір жылда 1 пайыздан аспайды.

Сыйақы мөлшерлемесі әдетте, келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалады. Кейде банктер пайыздық мөлшерлемені көбейте алады, бірақ келісімшарт қайта жасалғанға дейін оларды төмендетуге құқығы жоқ.

Пайыз алу

Депозиттің негізгі мақсаты – бастапқы салынған соманы ұлғайту. Сондықтан сыйақы мөлшеріне әсер ететін депозит шарттарын зерделеу қажет.

Кейбір банктік депозит түрлерінде қаражат мерзімінен бұрын шешіп алынған жағдайда айыппұл салу қарастырылған. Мысалы, егер сіз депозиттегі жинағыңыздан ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алсаңыз, онда бұрыннан жиналып келе жатқан барлық сыйақы пайызыңыз жойылуы ықтимал.

Мерзімді депозиттерде айыппұлдар аса қатаң емес, бірақ келісімшарттың аяқталуына дейін ақшаны шешіп алсаңыз, сыйақының бір бөлігін жоғалтуыңыз мүмкін.

Қазақстанда кең қолданыстағы депозит түрі – мерзімсіз депозит. Бұл депозит түрінде шектеулер жоқ – қаражатты кез келген уақытта шешіп алуға болады, ең бастысы есепшотта минималды сома қалуға тиіс.

Депозитті алу немесе толтыру мүмкіндігі пайыздық мөлшерлемеге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Әдетте, шарттар неғұрлым қатаң болса, соғұрлым сыйақы да көп болады.

Сол себепті инвестор үшін оған қандай шарттар сәйкес келетінін алдын ала шешу маңызды, сонымен қатар комиссиялар мен ықтимал айыппұлдар нақты көрсетілген келісімді мұқият зерделеу керек.

Депозитті қайтару

Сондай-ақ әрбір банктік депозиттің қайтару шарттары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, кей банктік депозиттерде салымшының өтініші келіп түскеннен кейін дереу ақшасын қайтарып беруге міндетті.

Жинақтаушы және мерзімді депозиттерде мұндай мүмкіндік қарастырылмаған – әдетте салымшы банкке ақшаны қайтару туралы өтініш бергеннен кейін қаражат иесіне қайтарылу үшін біраз уақыт керек.

Бұл жағдайда мерзімді депозиттен барлық соманы немесе оның бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға болады. Алайда жинақ депозитіндегі қаражаттың бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп ала алмайсыз, ал барлық соманы қайтару туралы өтініш берілсе, өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес уақыт аралығында беріледі.

Депозит мерзімін ұзарту

Банктік депозит келісімшартымен танысу барысында депозит мерзімін ұзарту шарттарына да назар аудару керек. Әдетте, келісімшарттарда қандай жағдайда банктік депозит мерзімін создыруға болатыны, сондай-ақ депозит мерзімін ұзарту саны бойынша шектеу бар-жоғы жазылады.

Кейде банктер өз бетінше депозит қанша мерзімге ашылса, сонша уақытқа автоматты түрде создыруы мүмкін. Оның үстіне бұл үдеріс салымшының қатысуынсыз жасалады. Егер депозит мерзімі создырылмаса не ұзарту мүмкіндігі болмаса, банк депозитте жатқан салымшының ақшасын оның жұмыс істеп тұрған шотына аударады.

Айта кетейік, депозитті ұзарту кезінде банктер оның шарттарын қайта қарауға құқылы, мысалы, сыйақыны көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Осылайша, келісімшарттағы барлық аталған пунктке назар аударсаңыз, ең тиімді банктік депозитті таңдай аласыз. Оған қоса күтпеген жағдайлардан алдын ала сақтана аласыз.

Тег: ақшадепозит

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

31.07.2025

Қазақстанда балалардың ақпараттық және цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығуда. Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің...

Келесі
“Жанұямнан айырылып қала жаздадым”: Дастан Оразбеков жаман әдетке салынған кезін еске алды

"Жанұямнан айырылып қала жаздадым": Дастан Оразбеков жаман әдетке салынған кезін еске алды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz