Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктерді тасымалдауға тыйым салынды

фото: ашық дереккөз

Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктерді тасымалдауға тыйым салынды

09.01.2024
Керек - Дерек
9
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі “Оң рөлді жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттейтін кейбір мәселелер туралы” бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, Қазақстанға 6 ай мерзімге рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынған.

Ведомство мәліметі бойынша, бұйрық “Сауда қызметін реттеу туралы” заңның 17 және 18-баптарына, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Қазақстан Республикасы аумағына рөлі оң жақтағы бөлшектелген жеңіл автокөліктерді алты ай мерзімге әкелуге тыйым салынсын”, – делінген құжатта.

Шектеулерге төмендегі талаптар кіреді:

  • екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар төрт дөңгелекті жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары, мотоцикл (седла) типті орындықпен, екі алдыңғы дөңгелек үшін қолмен басқару тетіктерімен жабдықталған;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1000 см³ астам, бірақ 1500 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 3000 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 3000 см³ астам;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ аспайтын;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 2500 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 2500 см³ астам;
  • Поршенді қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көлік құралдары, электр қуатының сыртқы көзіне қосу арқылы зарядталатындардан басқа.

Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тег: көліктасымалдау

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

31.07.2025

Қазақстанда балалардың ақпараттық және цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығуда. Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің...

Келесі
Ұлттық қорда қаржы қалмады: Балалар болашағы не болмақ?

Ұлттық қорда қаржы қалмады: Балалар болашағы не болмақ?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz