Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Келесі жылы жалпыға бірдей декларацияны кімдер және қалай тапсырады?

фото: ашық дереккөз

Келесі жылы жалпыға бірдей декларацияны кімдер және қалай тапсырады?

29.12.2023
Керек - Дерек
175
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады.  Бұдан былай жеке кәсіпкерлер пен ЖШС иелері, компания басшылары мен олардың жұбайлары да декларация тапсыруға міндеттеледі, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Елімізде жалпыға бірдей декларацияның екі түрі бар. Алғашқысы – 250.00 нұсқасы. Мұны бір рет қана тапсырады. Одан кейінгі жылдары 270.00 нұсқасын тапсыруы керек. Мұны “Азаматтың мүлкі мен табысы туралы” декларация деп атайды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялаудың үшінші кезеңінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нұсқа) алғаш рет заңды тұлғалардың құрылтайшылары (ЖК, ЖШС, АҚ және т.б.), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады.

Сондай-ақ бұған дейін декларация тапсырған азаматтар енді жыл сайын 270.00 нұсқа бойынша табысы мен мүлкін көрсетеді. Айта кетері, азаматтардың шетелде мүлкі болмаса да, декларация тапсыруға міндетті, тек құжатта шетелде мүлкі жоқ екенін көрсетеді.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Декларацияны қалай және қайда тапсыру керек?

Жалпыға бірдей декларацияны тұрғылықты мекенжайы бойынша тапсыруы керек. Қағаз түрінде тапсырылған декларацияны 2024 жылдың 15 шілдесіне дейін кешіктірмеген жөн.

Егер декларацияны электронды нұсқада ұсынса, онда 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмеу қажет. Электронды нұсқада декларацияны Салық төлеушінің кабинетінде (cabinet.salyk.kz), “Электронды үкімет” порталында (egov.kz), сонымен қатар e-Salyq Azamat, eGov mobile мен Halyk мобильді қосымшаларында да тапсыруға болады.

Декларацияны қандай ақпаратты көрсету керек?

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250.00 нұсқа):

1) Шетелдегі мүліктер:

  • Өзге елдің құзырлы органында тіркелген жылжымайтын мүлік, жер телімдері, жер үлестері, ұшақ пен қайық-кемелерді;
  • Өзге елдің құзырлы органында тіркелген транспорт, арнайы техника мен тіркемелерді;
  • Қазақстан аумағынан тыс жерде ашылған заңды тұлғаның капиталындағы үлесі;
  • Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан шетелдік банк шотындағы жалпы сомасы 1000 АЕК-тен асатын қаржы;

2) Қазақстан аумағы мен шетелдегі мүлік:

  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
  • Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, цифрлық активтер;
  • Инвестициялық алтын;
  • Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • Жалпы сомасы 10 000 АЕК-тен асатын (2024 жыл үшін 36 920 000 теңге) қолма-қол ақша;
  • Жалпы құны 1000 (2024 жыл үшін 3 692 000 теңге) АЕК-тен асатын өзге де мүліктер.

Жеке тұлғалар 270.00 нұсқаны толтыру кезінде көбіне Е бөлімі “Жеке табыс салығының аударымдарында” қате жібереді, себебі бұл бөлімді толтыру міндетті емес.

Егер декларацияны дұрыс толтырмаса, құжатты қайтарып, қайта толтыруға болады. Дегенмен декларация тапсыру мерзімі өтіп кетпеуі керек. Сондай-ақ дұрыс деректерді көрсетіп, қосымша декларация тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Декларацияны уақытылы тапсырмаған жағдайда не болады?

Жеке тұлға декларацияны тапсыру кезінде ақпаратты толық ұсынбаса немесе қате ақпарат көрсетсе, алғашқы салық органдары тек ескерту жасайды.

Азамат бір жыл ішінде екінші рет заң бұзса, онда 15 АЕК (2024 жыл үшін 15*3 692= 55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұдан бөлек жеке тұлға салық төлеу қажет нысандарды декларацияда көрсетпесе, онда төленбеген салықтың 200% көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Егер бұл тағы да қайталанса, айыппұл көлемі 300% болады.

Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатса немесе есеп өткізбесе де декларация тапсыру керек

Сонымен қатар жалпыға бірдей декларацияда бағасы 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын құнды заттарды да көрсету қажет. Ал оның бағасы тиісті құжаттармен нақтылануы керек.

Тег: декларация

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

Қазақстан халқының қанша пайызы балалар?

31.07.2025

Қазақстанда балалардың ақпараттық және цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығуда. Бұл жайлы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің...

Келесі

1 миллион доллар: Баян Алагөзова қарызға батқан кезін еске алды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz