Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Отау” бағдарламасы: Несие тарихы маңызды ма, көпбалалыларға жеңілдік болады ма?

фото: ашық дереккөз

“Отау” бағдарламасы: Несие тарихы маңызды ма, көпбалалыларға жеңілдік болады ма?

21.02.2024
Керек - Дерек, Жаңалықтар
118
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жақын арада “Отау” ипотекалық бағдарламасы іске қосылмақ. Осыған орай «Отбасы Банкі» бағдарламасының операторы талаптарын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

“Отау” бағдарламасының шарттары:

Алғашқы жарна – 20%-дан бастап;

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 9% (ЖТСМ 9,2% бастап).

Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Алматы мен Астанадағы заемның ең жоғары сомасы – 30 млн теңгеге дейін. Қалған өңірлерде – 18 млн теңгеге дейін. Тек алғашқы нарықтағы тұрғын үй – Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында (оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша). Басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй.

Өтініштер жылына тек бір рет қабылданады ма?

Иә, өтініштер жылына бір рет қабылданады.

Биылғы жылдың жоспары:
1) өтініштер 1 наурыздан 30 сәуірге дейін қабылданады;
2) 1 мамырдан 14 мамырға дейін – ұпайларды беру,
3) 15 мамырдан бастап – төлем қабілеттілігін бағалау.
4) Төлем қабілеттілігін бағалаған соң, алты ай ішінде баспана сатып алып, ипотекаға өтініш беру керек.

Осылайша толық цикл осы жылдың соңында аяқталады. Бірақ бағдарлама 7 жыл бойы жұмыс істейді. Сондықтан, егер сіз осы жылы тапсыра алмасаңыз, болашақта тағы тапсырып көруге болады.

Көрсетілген сомадан қымбат тұратын пәтер сатып алуға бола ма?

Банк шарты бойынша 30 және 18 миллион несиенің ең жоғары сомасы. Бірақ бұл бағдарламаны “Отбасы банкі” тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асырады, мұнда қарыз алушы  100% соманы несие алады, ал бастапқы жарна (20%) депозитте біраз уақыт жата тұрады.

Сол себепті, мәміле үшін қосымша төлеуге болатын қосымша қаражат болмаса, 30 және 18 миллион құны бойынша да лимитке айналады.

Егер сіз қымбатырақ пәтер алғыңыз келсе, мәміле кезінде айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлеуге тура келеді.

Қай қалаларда тіркелу (прописка) міндетті түрде керек? Басқа отбасы мүшелерінде де тіркеу болуы керек пе? 

Тіркелу, яғни тұрғылықты жері бойынша тіркелу тек өтініш берушілер үшін және Астана мен Алматы қалаларынан пәтер сатып алғанда ғана қажет. Бұл кез келген нәрсе болуы мүмкін: уақытша немесе тұрақты. Бұл қалаларда 3 жыл тіркелгендерге басымдық беріледі. Бірақ сіз бұл мерзімсіз де өтініш бере аласыз.

Басқа қалаларда тіркелу қажет емес.

Екінші нарықтан (вторичка) сатып алуға болады ма?

Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында жаңа тұрғын үйлерді, соның ішінде салынып жатқан тұрғын үйлерді ғана сатып алуға болады.

Облыс орталықтары: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.

Барлық қалған елді мекенде кез келген тұрғын үйді, соның ішінде екінші нарықтағы (вторичка) тұрғын үйді сатып алуға болады.

Жаңа пәтерді тек “Баспана” маркет порталында (otbasybank.kz) таңдауға болады. Әрбір мүлік құнын бекіту процесінен өтеді. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс компаниясымен 1 шаршы метрге бағаны белгілейтін сату шарты жасалады.

“Отау” бағдарламасы арқылы жеке үй алуға бола ма?

Егер елді мекен облыс орталығы немесе республикалық маңызы бар қала болмаса, үй сатып алуға болады.

Бағдарлама шартында “Отбасы банкінде” депозит болуы керек деген талап бар. Депозитті сатып алуға бола ма немесе депозитті туыстар арасында өзара аударуға бола ма?

Сіз «Отбасы банкінде» депозиттерді сатып ала алмайсыз да, сатып жібере де алмайсыз.

Аталған қызметті туысқандардың келесі санаттары пайдалана алады:

әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, атасы, әжесі, немерелері, немере ағалар, апалар мен нағашылар, немере ағалар және жиендер.

Бұл ретте, “Otbasy bank” мобильді қосымшасында онлайн режимінде депозитті тек тікелей туыстарға – жұбайы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары (асырап алынғандар), туған аға-інілері мен апа-сіңлілері арасында ғана табыстауға болады.

Бір жақсысы, банк бөлімшелерінде туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке (ерлі-зайыптылық туралы куәлік) және туыстық қатынасты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер, тегі мен әкесінің атының толық сәйкес келуі кезінде тегінің өзгергенін растайтын құжат – операция жеке басын куәландыратын құжат негізінде жасалады) қажет. Бұл қызмет аралық буын арқылы табыстау деп аталады.

Ұпайлар не үшін беріледі және ол қалай жұмыс істейді?

– салым бойынша сыйақы мөлшері үшін – әрбір 1 000 теңгеге 5 балл;

– салым мерзімі үшін – салымның әрбір жылы үшін 5 балл;

– тіркелген неке үшін – 10 балл;

– балалардың болуы үшін – санына қарамастан 50 балл

Ұпай саны тең болса, ұзағырақ және көп жинағандарға басымдық беріледі.

Көпбалалы аналарға қосымша ұпай беріле ме?

Жоқ. Некеге және балаларға қосымша ұпайлар беріледі. Тұрғын үйге кезекте тұрғанының бағдарламаға еш қатысы жоқ.

Бес жыл атыңда баспана болмау керек деген нені білдіреді? 

Өтініш берген адамның да, оның отбасы мүшелерінің де: жұбайының, балаларында да соңғы бес жыл ішінде баспанасы болмауы керек. Егер ерлі-зайыптылардың бірі тұрғын үйді сыйға немесе мұрагерлікке алған болса, бағдарламаға қатыса алмайды.

Пәтерде үлесі бар адам Отау ипотекасына өтініш бере ала ма?

Жоқ. Тұрғын үй кез келген жылжымайтын мүлікті білдіреді: пәтер, үй, жер учаскесі, пәтердегі/үйдегі үлес.

Ипотеканы мерзімінен бұрын жауып тастауға бола ма?

Болады.

Ипотекаға өтініш бергенде несие тарихы маңызды ма?

Иә, соңғы бір жылда жақсы несие тарихының болуы маңызды. Төлем қабілеттілігін тексеру кезінде несиелер ескерілетінін де ескерген жөн. Яғни, несиелер бойынша шығындарыңыз неғұрлым көп болса, соғұрлым банк сіз үшін мақұлдай алатын несие сомасы аз болады.

Зейнетақы жарнасы ай сайын болуы керек пе?

Зейнетақы жарналары қажет, соңғы 6 ай бойы тұрақты болуы шарт, әйтпесе ипотека бермеуі мүмкін.

Тег: бағдарламабанкипотекаОтаутұрғын үй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде жасөспірімдер өлімінің себебі неде?

Елімізде жасөспірімдер өлімінің себебі неде?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz