Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result

Телефон мен интернет алаяқтарының қалай алдын алуға болады?

28.11.2023
Керек - Дерек
25
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Көбінесе олардың алдау тәсілдері ұқсас болып келеді. “Банктен хабарласып тұрмын” деген себеппен зәреңізді алып, сенімге кіруі мүмкін. ЦентрКредит Банкі мұндай жағдайда қаржыларыңыз бен жеке деректеріңізді қалай қорғау керектігі туралы кеңестерді ұсынды.

Алаяқтардың басты мақсаты – мобильді қосымшадағы банк шотына қол жеткізу

Алаяқтар банктің мобильді қосымшасындағы жеке кабинетке кіру үшін логин мен құпия сөзді білуге тырысады. Егер сізге бір реттік парольдер туралы хабарламалар келсе және сіз жеке банктік операциялар жасамаған болсаңыз, сақтықпен мән бергеніңіз жөн. Көбінесе мұндай хабарламалар біреу сіздің банктік шотыңызды ашпақ болған кезде жіберіледі.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Телефон қоңыраулары арқылы жасалатын алаяқтық

Банк қызметкерінің атын жамылған алаяқтардан қоңыраулар:

Өзін банк қызметкерімін деп таныстыратын алаяқтар депозиттің немесе шоттың мерзімі өткенін немесе банк өнімдерінің шарттары өзгеріп жатқанын ескертіп, дереу жаңартуды сұрауы мүмкін. Олар сіздің келісіміңізді растау үшін SMS кодын айтуыңызды сұрайды. Ал кодты айтқан кезде шотыңыздағы ақша жоқ болып кетуі мүмкін. Өйткені көп жағдайда бұл SMS код мобильді қосымшаға кірерде құпия сөзді ауыстыруға арналған хабарлама болуы мүмкін. Ал кей жағдайда бұл тіпті қаражатты басқа шотқа аудару кезінде иесінің растауын білдіреді. Міне, сондықтан егер сіз банк қызметкерімін деп таныстырған адамға бұл кодты айтсаңыз, жеке шотыңызға кіру мүмкіндігі жоғалады немесе ақшаңыз мүлде жоқ болып кетуі мүмкін.

Кеңес: телефон арқылы SMS хабарламаларды, құпия деректерді немесе кодтарды ешкімге айтушы болмаңыз. Сіздің қаржыңыздың қауіпсіздігі үшін банктен, басқа ұйымнан немесе мемлекеттік органнан хабарласып тұрмын десе де талаптарын орындамаңыз. Мұндай сәтте әңгімені аяқтап, ақпараттың шын-өтірігін тексеру үшін дереу банктің ресми байланыс орталығына хабарласыңыз. Ал қажет болған жағдайда банк картасы мен банктің мобильді қосымшасын блоктап жауып тастаңыз.

Жалған несие туралы айтып, жеке деректерді анықтайтын тұзақтар

Несие туралы жалған өтініш: мұндай жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға несие алуға өтініш берілгенін айтады. Кейін тез арада шара қолдануды ұсынады. Ол үшін құрбандарға деректерді қорғауға арналға қолданба деп сілтеме жібереді. Қосымшаны орнатқаннан кейін хабарлама келіп, алаяқтар жәбірленушіден SMS кодты айтуын сұрайды. Кейін несиенің өңделіп, жойылатынына сендіреді. Алайда шоттағы қаражатты сақтап қалу үшін ақшаны басқа жерге аудару керек екенін жеткізеді. Ал барлық ақпаратты біліп алғаннан соң, шабуылдаушылар сіздің атыңызға керісінше, несие алып тастаған болуы таңқаларлық емес.

Кеңес: егер осындай жағдайға тап болсаңыз, үрейленбеңіз. Тіпті хабарласып тұрған адам өзін банк қызметкерімін деп мәлімдесе де, SMS кодын айтпаңыз. Мұндай кезде қоңырауды дереу аяқтап, алынған ақпаратты екі рет тексеру үшін дереу банктің өз номеріне хабарласыңыз. Бұл алаяқтықтарға алданбауға, қаржыңызды қорғауға көмектеседі.

Алаяқтардан қалай сақтануға болады:

  • өзіңіз туралы ақпаратты ашығынан таратпаңыз: Жеке деректеріңізді интернет пен әлеуметтік желілерде жарияламауға тырысыңыз;
  • телефоныңыздағы сақтық шарасын қадағалаңыз: Құрылғыңызға құпия сөз, FaceID немесе TouchID орнатыңыз және банк қолданбалары үшін қиынырақ құпия сөздерді пайдаланыңыз;
  • бір реттік құпия сөзді (SMS арқылы жіберілетін) бөліспеңіз: Ешқашан телефон арқылы бір реттік құпия сөздерді тіпті қауіпсіздігіңіз үшін деп сұраса да бермеңіз;
  • банк қолданбасында шектеулерді орнату: Мобильді банк қолданбасын пайдаланатын болсаңыз, онлайн саудада CVV үшін ең төменгі шектеулерді орнатыңыз. Сонда қолданбаның ішіндегі картаны басқан кезде код автоматты түрде өзгереді. Осылайша, интернет-дүкендерде әрбір сатып алу кезінде сіз жаңа кодты енгізесіз;
  • біреудің өтінішімен өзіңіз білмейтін қосымшаларды құрылғыңызға орнатпаңыз: Кейбір қолданбаларды орнату алаяқтарға телефоныңызды басқаруға көмектеседі. Демек, ақшаңызды да толықтай басқарып, оңай қол жеткізуге мүмкіндік алады деген сөз.
Тег: алаяқтарбанкнесие

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Орны толмас қаза”: Қазақстандық жұлдыздар Ақжол Мейірбековпен қоштасты

Марқұм Ақжол Мейірбеков 2 жыл дертін жасырып келген

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz