А.Баталов: «Бастама жастар тарапынан болсын, ал біз қолдауға дайынбыз» 

Primary tabs

Қаң 29, 2019 / 0 комментарии

Облыс әкімі Амандық Баталовтың жастармен жыл басынан бері екі мәрте кездесуінде Жастар жылының ресми ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың жергілікті жерлерде орындалуы туралы мәселе тақыланды. 
Кездесу барысында студенттер, спортшылар, қоғам белсенділері, әр салада еңбек етіп жүрген жас мамандар сөз алып, жетісулық жастар барлық маңызды жобаларда бастамашылдық, креативтілік таныта алатындықтарын айтты. 
Кездесу соңында сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов: - Бүгінгі күні облыста Жастар жылына арналған «Жетісу жастарының жарқын істері» жұмыс жоспары дайындалып, бекітілді. Алғашқы кездесуде сіздермен талқылаған ұсыныстардың жүзеге асырылуын жіті бақылауыма алдым. Осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Атап айтқанда, облыстың әрбір аудан, қаласында жастарға қызмет көрсету орталықтары салынады, Талдықорғандағы ЖҚО базасында ІТ-стартап технорпаркі құрылады. Ауыл шаруашылығымен айналысулары үшін жастар ресрустары орталықтарына 10 гектардан жер берілетін болып шешілген болатын. Сол сияқты жас отбасылар арасында ажырасуды азайту мақсатында психолог штаттарын бөлу де қарастырылады. Оған қоса бүгінгі кездесуде де бірқатар ұсыныстар айтылды. Мен оның бәрін қағазға түртіп, ойыма түйіп қойдым. Қай кезде де жастардан жақсы идея туындап, ізгі бастамалар жасалса, біз қолдауға әрқашан дайынбыз, - деді.