Алматыда үш жастағы қызды ит талап мерт қылды

Primary tabs

Нау 29, 2019 / 0 комментарии

Алматыда ротвейлер тұқымды екі ит 3 жастағы қызды талап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қайғылы оқиға Рысқұлов көшесіндегі  Самғау шағын ауданында болған. Жануарлар аулада жүрген иттер иесінің қызын бас салып, талаған. Бүлдіршін жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Баланың қол-аяғы, үсті-басын таланған, бас сүйегі сынып кеткен. Мамандар иттердің мінезінің неге агрессивті сипат алғанын әзірге түсіндіре алмай отыр. «Біздің ветеринарлық қызметке қоңырау сағат 12:30-да түскен. 20 минут ішінде оқиға орнына екі бригада барды. Ветқызмет өкілдері иттерді байлап, оқшаулады. Қазір иттер бақылауда тұр. Олардың адамға тап беруіне не түрткі болғаны белгісіз. Құтыру тағы басқа ауруларға тексеретін боламыз», - деді қалалық Ветеринарлық қызметтің жануарларды аулау бөлімінің жетекшісі Әйгерім Жақсылық.