"Бірлік" партиясы президенттікке үміткер ұсынбайды

Primary tabs

Сәу 19, 2019 / 0 комментарии

"Бірлік" партиясы Қазақстан президенттігіне үміткер ұсынбайды, деп мәлімдеді осы саяси ұйымның мүшесі Роза Қуанышпаева. Ол партияның алдағы сайлауға байланысты съезд өткізбейтінін де жеткізді. 

"Уақытты көріп тұрсыздар ғой. 10 күннің ішінде кім не істеп үлгереді? Мысалы, қанша қаласақ та ешнәрсе жасап үлгермейтінімізді мен қазірден біліп тұрмын. Бізде ешқандай жоспар да белгіленбеген, демек съезд де болмайды. Бұл жәй нәрсе емес қой. Мұндайға кәдімгідей қызу дайындықпен келу керек, ал 10 күннің ішінде не тындыруға болады", - дейді Қуанышпаева Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

"Бірлік" туралы не білеміз

"Бірлік" партиясы 2013 жылдың 26 сәуірінде  "Әділет" және "Руханият" партияларының бірігуі негізінде құрылған. Бүгінгі таңда бұл ұйымға Серік Сұлтанғали басшылық етеді.

2016 жылғы Мәжіліс сайлауында "Бірлік" партиясы сайлаушылардың 0,29% дауысын жинап, соңғы орынға тұрақтаған еді. Сөйтіп парламентке өте алмаған.

Айта кетсек, осы жылдың 9 маусымында Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде ресми тіркелген партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы.

Nur Otan партиясы кандидатының есімі 2019 жылдың 23 сәуірінде, "Ақ жол" партиясынікі 25 сәуірде, Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының үміткері 26 сәуірде белгілі болады.

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/politics/20190418/9877565/Birlk-partiyasy-prezident-saylauy.html