Гүлнәр Каримова тұтқындалды

Primary tabs

Нау 06, 2019 / 0 комментарии

Өзбекстан тұнғыш президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримова тұтқындалып, бірден қамауға алынған. Саясаткердің қызына шығарылған үкімді қайта қарастыру туралы ақпарат мемлекеттің бас прокуратурасының сайтында жарияланды.

Анықталғандай, Каримова 2017 жылдың желтоқсанында Ташкент облыстық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алайда, 2018 жылдың шілде айында оған тағылған жаза ауыстырылып, президенттің қызын бес жылға соттау туралы үкім шықты.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Каримова сот органы бекіткен талап-міндеттерін жүйелі түрде бұзып тұрған.

22 қараша күні ол өздігінен тұрғылықты мекен-жайынан кетіп қалған.

"Қылмыстық істер бойынша Яшнабад аудандық соты 2019 жылдың 5 наурыз күні сотталушы Гүлнар Каримованы бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтіні туралы шешім қабылдады" , - деп жазылған прокуратура хабарламасында.