Дубайдан тағы 168 адам елге қайтып оралды

Primary tabs

Мамыр 01, 2020 / 0 комментарии

 Дубайдан 168 адам қайтып оралды. Олар Қапшағай қаласының маңындағы демалыс орындарының біріне екі күнге карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оларға демалыс орнының аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салынады. Карантин кезінде олар барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Олардың сыртқа шықпауын арнайы күзет бақылайды. 

Жолаушылардан облысқа келген бетте  COVID-19 инфекциясына анализдер алынып, эпидемиологиялық тексерулер жасалады. Тексеру нәтижелеріне сәйкес олар арнайы автоубстармен  тұрғылықты жерлері бойынша жеткізіледі.