"Көз жұмып қарауға болмайды": Назарбаев кімдердің жазадан құтыла алмайтынын айтты

Primary tabs

Сәу 29, 2019 / 0 комментарии

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық коммуникацияның дамуы игіліктерімен қатар қоғамға кері әсерін тигізетінін айтты. Бұл туралы ол Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында мәлімдеді.

"Көз жұмып қарауға болмайтын жаһандық сын-тегеуріндердің бірі – коммуникацияның дамуы. Олар игіліктерімен қатар деструктивті әлеуетке ие. Цифрлық коммуникация мүмкіндіктері этникалық және діни жек көрушілік отын тұтатуға, тіпті, көріп отырғанымыздай террорлық актілер жасауда қолданылады. Тұтас желідегі қоғам ешқандай шекараны білмейтін ксенофобия мен алауыздық ошағына айналып отыр. Кейбіреулер оларды қылмыс жасап, жазасыз кетеді деп санайды. Бірақ олар жазадан құтылмайды", - деп айтты Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында.

Ол Қазақстанның шиеленістерді айналып өтіп, тұрақтылықты сақтауда халықаралық абыройға ие болып отырғанын атап өтті.

"Отыз жыл бұрын халықаралық сарапшылар Орталық Азия мен Қазақстан қақтығыстар мен тәртіпсіздік басталатын аймаққа айналады деген болатын. Олар діни құрамындағы ерекшеліктерге қарап шиеленіс кесірінен мемлекет жоғалады деп сенімді түрде болжады. Қазақстандықтар мықты мемлекетті құрып, осындай паргматикалық сыртқы саясатының арқасында жоғары халықаралық абыройға ие болып, тарихтың қақпанынан айналып өтті", - деп айтты Назарбаев.