Талдықорғанда 6 адам вирус жұқтырды

Primary tabs

Мамыр 16, 2020 / 0 комментарии

Вирусты жұқтырған алты адам Талдықорған қаласында, Кеген және Талғар аудандарында әрқайсысында екі адамнан тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі ️мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Барлық 10 адам белсенді түрде анықталды, сегізі бұған дейін  коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, екеуі медициналық мекемеге жүгінген кезде анықталды. 

ПТР-талдау нәтижелері бойынша бұл азаматтарға COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауланған, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып оқшауланады және коронавирусқа зертханалық тексерістен өтеді. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

15.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында  инфекцияны жұқтырған 201 адам анықталған.