Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

Primary tabs

Мамыр 18, 2020 / 0 комментарии

Белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Ә л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. Сондай-ақ, «Қазақстан» телеарнасындағы қазақ аудиториясына кеңінен танымал  «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.

Ал 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

Бейсен Абайұлын жерлеу рәсімі Алматы облысы деңгейінде өтеді. Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің өңірдің ақпарат саласын дамытуына қосқан үлесі зор. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды. 

"Белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің қайтыс болуына орай, Амандық Баталовтың тапсырмасымен облыстық комиссия құрылды. Ағамызды соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетін болады", делінген хабарламада. 

 

KASKELENKZ редакциясының ұжымы Бейсен Құранбектің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады... Әріптесіміздің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады...