Тележурналист соққыға жығылды

Primary tabs

Мау 06, 2019 / 0 комментарии

Ел арасында «Ақжүніс» деген атпен танымал тележурналист, әріптесіміз Сәуле Әбединова ауыр соққымен ауруханаға түсті. Жыл басынан бері көпбалалы аналар мәселесін көтеріп жүрген Сәуле Әбілдаханқызының үстінен бірнеше адам полицияға шағым жазған. Арыздар қаланың әр ауданындағы полиция департаменттеріне түскендіктен бір күнде Сәулеге бірнеше шақыру келген. Ал, Наурызбай аудандық полиция бөліміне барғанда, Сәулені бірнеше әйел жабылып ұрып тастапты.
Бұл - Сәуле Әбединованың бірнеше сағат бұрын жариялаған бейнежазбасы. Осыдан кейін белсендіні полицейлер әуелі қалалық полиция департаментіне жеткізген. Артынша экипаж бағыты бірден өзгеріп Наурызбай аудандық полициясына апарды. Дәл осы ауданда тұратын бір әйел шағым жазыпты.
Алайда Наурызбай полициясынан шыққан бетте белгісіз әйелдер тобы белсендіні соққының астына алып, ұрып тастаған.
СӘУЛЕ ӘБЕДИНОВА, қоғам белсендісі:
– Шашымнан былай тартып, бұрымымнан ұстап, орамалым бір жақта, өзім бір жақта қалдым. Екі қолымнан екі жақтап былай ұстап алды. Айтпайтын сөздерді айтып жатыр.
Сәуле Әбілдаханқызының үйіне жеткен жедел жәрдем оны бірден ауруханаға алып кетті. Әзірге дәрігерлер миы шайқалған деген диагноз қойған. Әзірге Алматы полициясы да, Ішкі істер министрлігі де бұған қатысты комментарий берген жоқ.