Тоқаев айқындаған 9 бағыт

Primary tabs

Мау 12, 2019 / 0 комментарии

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезіндегі сөйлеген сөзінде ел дамуының нақты тоғыз бағытын айқындап берді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Жаңа президент қатаң назарына алатын мәселелер мыналар:

  1. "Бірінші бағыт – халықтың табысын арттыру.
  2. Екінші бағыт – сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою.
  3. Үшінші бағыт – сот жүйесін реформалау, сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс.
  4. Төртінші бағыт - жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту.
  5. Бесінші бағыт – тұрғын-үй мәселесін шешу.
  6. Алтыншы бағыт - адам капиталын дамыту.
  7. Жетінші бағыт - өңірлерді дамытудың жаңа бағдары.
  8. Сегізінші бағыт – Рухани жаңғыру құндылықтарын насихаттау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге ұмтылу.
  9. Тоғызыншы бағыт – көп векторлы саяси бағытты ұстана отырып, ұлттың мүддесін қорғау.