Түргенде тастанды сәби табылды

Primary tabs

Ақп 19, 2019 / 0 комментарии

Алматы облысында қақаған қыста белгісіз біреу жаңа туған нәрестені жұқа шүберекке орап, далада тастап кеткен. Аязды күні сәбидің қатты тоңып қалғаны сонша дене қызуы -34 градусқа дейін төмендеп кеткен екен.
Жантүршігерлік оқиға Түрген ауылында болған. Жылаған баланың дауысын сол жерде жүрген адамдар байқапты. Жақындап барып қарағанда, шақалақтың жұқа матаға оралып, қарда жатқанын көрген. Қыстың қара суығында тасбауыр ана тастап кеткен нәрестені іле-шала үйге кіргізіп, шомылдырып, дәрігерлердің қолына тапсырған. Айы-күні жетпей туған сәбидің салмағы екі жарым келі, бойы 49 сантиметр. Дәрігерлер үскірік суықта қатты тоңып қалған сәбидің көздері іріңдеп, қызуы да төмендегенін айтады. Сәбидің жағдайы қазірдің өзінде орташа деңгейде. Тірі жетім атанған қыздың қатыгез ата-анасы мен туған-тусқандары іздестіріліп жатыр.