Қарағандыда Ғалым Жарылғапов турнирі аяқталды

Primary tabs

Жел 23, 2019 / 0 комментарии

 17-21 желтоқсан күндері Серік Сапиев атындағы бокс орталығында КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы және КСРО-ның спорт шебері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан ХХХVI – шы рет ұйымдастырылған халықаралық турнир аяқталып, нәтижесінде Қарағанды құрамасының боксшылары 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте 2 – орыннан көрінді. Тек қана алдарына Ресей құрамасын жіберіп алды (3-1-1).

 Байрақты додаға Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Монғолия, Финляндия, Тайбэй, Ресей құрамасы және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан облысының құрамалары қатысты. Турнирге құрметті қонақ болып Ғалым ағаның ұлы, Нұрғазы Ғалымұлы, Олимпиада чемпионы Сергей Котенко, бокстан әлем чемпионы Валерий Рачков, 1986 жылғы Европаның үздік футболшысы Игорь Беланов және Елге белгілі кинорежиссер Олег Степченко және көрермен көп  болғанын да атап өткен жөн. Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар мен медаль-диплом табыс етілді.

 Жарысқа ерлер 8 салмақ дәрежесінде 118 боксшы қатыса, ал 5 салмақ дәрежесінде 48 ару сынға түсіп, жүлдеге таласты.

  Айбек Мұханов, 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

ҚР Журналистер одағының мүшесі.