Үздік ұйым

Primary tabs

Жел 07, 2018 / 0 комментарии

«Жомарт Жүрек» сыйлығы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған бірегей жоба. Марапаттаудың негізгі мақсаты - қайырымдылық, меценаттық және филантропия идеяларын насихаттау.

Жобаның «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша ауданымыздың Қаскелең қаласынан «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ үміткерлер қатарынан төбе көрсеткен.

Жалпы, аталған мекеменің Қарасай жерінің өркендеп дамуына өзіндік үлес қосып отырғаны белгілі. Ұжымның еңбегі аудандық, облыстық деңгейде ерекше бағаланып, енді, міне, республика көлемінде де биіктен көрінді. Қараша айының 15 мен 25 аралығында өткен онлайн дауыс беру нәтижесінде  «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ 16 үміткер арасында үздік бестіктің қатарына енді.

Мекеме басшысы Айна Сексенбаева таяуда Астана қаласына барып, салтанатты шараға қатысып, марапатқа ие болып қайтты.