Әлтаев: Үнемдесе бір баланы асырауға 20 мың теңге жетеді деп ойлаймын

Primary tabs

Ақп 13, 2019 / 0 комментарии

Бүгін мәжілісте ант берген депутат Нұржан Әлтаев Қазақстанда үнемдеген жағдайда бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болатынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев депутат болып сайланды.

Жаңадан сайланған депутатқа БАҚ өкілдері: "Бес баланың әкесі ретінде, бір баланы асырауға айына қанша ақша кететінін айта аласыз ба? Айына 20 мың теңге бір балаға жете ме?", - деп сауал қойды.

Бұған депутат үнемдеген жағдайда жеткізуге болатынын мәлімдеді.

"Бұл сұрақты әйеліме қою керек. Күнделікті балалар күтімі соның мойнында. Мен ақша табумен айналысамын. Егер үнемдесе, айына бір балаға 20 мың теңге жеткілікті деп ойлаймын. Меніңше, бұл мүмкін", - деді Нұржан Әлтаев.

Сондай-ақ Әлтаев депутаттардың баспанасына көшпегенін, жалға алған екі бөлмелі пәтерде тұратынын айтты.

"Ондай пәтердің (депататтарға арналған пәтер - ред.) бар-жоғын білмеймін. Біз пәтерді жалға алып тұрамыз. Бұл кішігірім екі бөлмелі пәтер", - деді ол.