Нұрсұлтан Әлімқұловтың 90 жылдық мерейтойы атап өтілді

Primary tabs

Нау 18, 2018 / 0 комментарии

Бүгін ақын, көзі тірісінде «Ән сөзінің классигі» атанған Нұрсұлтан Әлімқұловтың 90 жылдық мерейтойы туған жерінде, аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің тікелей бастамасымен, кең көлемде атап өтілді.

Ақынның есімі берілген мектептен бастау алған салтанатты шара әрі қарай Алмалыбақ ауылындағы облыстық мұрағатта жалғасын тауып, ауданық мәдениет үйіндегі еске алу кешінде түйінделді. Оған Н.Әлімқұловтың жары Сәуле Зиятқызы бастаған балалары, туған-туыстары қатысып, жерлестерінің ақын өнеріне деген құрметіне куә болды.

Кеш барысында мерейтой иесінің жарына Алматы облысы әкімінің құттықтау хаты тапсырылып, сый-сияпат жасалды.

Бұдан бөлек, Махаббат Садуақасұлының қолдауымен, жазушы Қуат Қайранбаевтың құрастыруымен жарыққа шыққан жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар мерейтойдың ерекше өтуіне ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов бастаған танымал эстрада жұлдыздары да өз үлестерін қосып, ақынның әйгілі әндерін шырқады, - деп хабарлайды Қарасай аудандық әкімінің баспасөз қызметі.