«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы-2019»

Главные вкладки

сен 19, 2019 / 0 комментарии

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН Одағының ұйымдастыруымен "Нұр-Сұлтан қаласы əкімінің кубогы" республикалық арнайы жобасы өтті. Жайдарман ойынына бас-аяғы 17 команда қатысты. Оның он алтысы отандық. Бір команда бауырлас Қырғызстаннан келген Ош командасы. Жастар жылымен тұспа-тұс келіп отырған бұл ойын осымен 11- рет өткізілді.
Ойынға қатысқан командалар əр түрлі лигаларда өнер көрсетіп жүрген үздік топтар. Олардың арасында "Нұр-Сұлтан қаласы əкім кубогы" ойынына осымен бірнеше жыл қатысқан тəжірибелі топтар да бар.  Атап айтатын болсақ:
1. «Шатыр» Семей
2. «Шапалақ» Талдықорған
3. «Жалын» Маңғыстау
4. «Ару.kz» Арқалық
5. «ОҚМПУ» Шымкент
6. «Евразият» Нұр-Сұлтан
7. «Бес жаңалық» Петропавл
8. «Жаңа Семей» Семей
9. «Грация» Нұр-Сұлтан
10.  «Біз қазақпыз» Екібастұз
11. «Бүгін.кз» Шымкент
12.  «Акпен Бірге» Алматы
13.  «АҚ құрамасы» Семей
14.  «Біріккен ұлттар құрамасы» Нұр-Сұлтан
15.  «ОШ» Қырғызстан Республикасы
16. «Ақмола облысының құрамасы»  Көкшетау
17.  «Сарыарқа құрамасы» Нұр-Сұлтан

Қатысушылар көрермендердің қошеметіне бөленіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен үздік ойыншы номинациясын Бүгін.Кз командасынан Нұрлыбек Жаппар иеленді. Жүлделі үшінші орынға Қырғызстанның сəлемін алып келген ОШ командасы лайықты деп табылса, екінші орын алматылық Ақпен бірге құрамасына бұйырды. Ал , бас жүлде, "Нұр-Сұлтан қаласы əкімінің кубогын" Жалын командасы иеленді. Жаңаөзендік жеңімпаз команда миллион тенгеге ие болды.
Бар жанарды жаулаған Жайдарманның күзгі маусымы осы ойынмен шымылдығын түрді. Алда жайдарман сүйер қауымды таласты тартысқа, жан жадыратар əзілдерге толы ойындар күтіп тұр!