Алматы облысында тағы 24 адам коронавирус  жұқтырды

Главные вкладки

Май 22, 2020 / 0 комментарии

Бүгін Алматы облысында коронавирустың тағы 24 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Кеген, Іле, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Олардың ең үлкені 76 жастағы зейнеткер болса, ең кіші 6 айлық сәби.

Пациенттердің науқасы медициналық комиссиядан өту барысында, медициналық көмекке жүгіну кезінде және бұрын ауырғандармен байланыста болған азамат ретінде тексерілу кездерінде анықталған.  Науқастар қазір Талдықорғандағы әскери госпитальдің, Қарасай аудандық ауруханасының, Шелектегі аудандық аурухананың инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. 

Олармен 143 адамның байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде. 

Сонымен 2020 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ инфекциясымен тіркелгендер саны 262-ге жетті.

.