Ауылдан 35 млн теңгеге үй іздеген әкім!

Главные вкладки

дек 19, 2018 / 0 комментарии

Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев осыншама бюджет қаржысына қызметтік пәтерге тапсырыс беріпті. Алайда, облыс әкімінің ескертуінен кейін аудан басшысы мемлекеттік тапсырыстар сайтынан лотты алдыртып тастады. Аудандық риелторлар мұндай қомақты соммаға Ұзынағаш ауылынан емес, қаладан сәулеті келіскен, бизнес-классты үйді алуға таңдауға болатынын айтады.

Жарты жыл бұрын ғана Жамбыл ауданының әкімі боп тағайындалған Бағдат Әлиев әркімнің босағасында жүріп шаршаған сияқты. Өйткені, атқамінердің өзінің баспанасы жоқ. Сондықтан шенеунік қызметтік үй алуға аудан бюджетінен 35 миллион теңге жұмсамақ болған. Себебі Бағдат Әлиев «аудан басшысына жалдамалы пәтерде тұрған жараспайды» дейді.

Бағдат Әлиев, Жамбыл ауданының әкімі:

-Біреудің үйін жалға алып тұрып жатырмын. Отбасымда 7-і адам бар. Барлығымыз анда-мұнда көшіп жүрген ыңғайсыз екен. Еңбегім сіңді. Абыройым артқанда аттандайын деген ойым жоқ. Бірдеңе бүлдірдім деп те ойламаймын.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/almatyi-oblyisyinda-audan-akm-nelkten-35-millionga-uy-almak-bolganyin-tusndrd-117123/