Данияр Елеусінов пен Димаш Ниязов Джейкобстың андеркартында жұдырықтасады

Главные вкладки

мар 20, 2018 / 0 комментарии

2016 жылғы Рио ойындарының чемпионы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 28 сәуірде Бруклиндегі Barclays Center аренасында өтетін бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады.

Бокс кешінің басты оқиғасы — америкалық орта салмақтағы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен польшалық Мацей Сулецкидің (26-0, 10 КО) кездесуі, — деп жазады Vesti.kz.

Елеусінова осы жолы кәсіби рингте алғаш рет жұдырықтасады. Боксшы орта салмақта өнер көрсетеді. Айта кетейік, наурыз айының басында қазақстандық спортшы ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасасқан болатын. Сондай-ақ, бокс кеші аясында Қазақстан тумасы Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) жұдырықтасады.