Зайсандықтар наразылыққа шықты

Главные вкладки

Feb 20, 2020 / 0 комментарии

Шығыс Қазақстан облысындағы Қытаймен шекара маңында орналасқан Зайсан ауданы Сарытерек ауылының тұрғындары 19 ақпан күні кешкісін наразылыққа шықты, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

 Олар шетелден келгендерді жергілікті ауруханаларға коронавирусқа байланысты карантинге жатқызуға қарсылық білдірді. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, 19 ақпандағы наразылыққа көршілес Айнабұлақ ауылының тұрғындары да қатысқан.
Наразылыққа мессенжерлерде тараған «Зайсан ауданындағы ауруханалар коронавирусқа байланысты карантинге дайындалып жатыр, Қытайдан келгендерді емдемек» деген хабарламалар себеп болған.
Наразылықтан соң Зайсан ауданының орталығы
на Шығыс Қазақстан облысының әкімі келіп, жұртшылықпен жүздескен. Әкіммен жиында ауыл тұрғындары коронавирус таралып кете ме деп қауіптенетін айтқан.
Жиналғандардың сөзінше, Қытайға қатынайтын көліктерге шектеу қойылғанымен, шекара жақтан көліктер келіп жатыр. Ахметов келесі аптаның басына дейін бұл мәселені нақтылайтынын мәлімдеді. Ауыл тұрғындары адамдарды карантинге тек астанадағы ауруханаларға жіберуді талап етті. Ахметов болса, келгендер Өскемендегі клиникаларға жіберілетінін айтты.
Сарытерек ауылының тұрғын
ы Айболат Қасеновтың айтуынша, 19 ақпанда наразы халық карантин үшін әзірленген амбулаториядағы кереуеттерді сыртқа шығарып тастап, жолаушыларды әкелмеуді талап еткен. Оқиға орнына түнделетіп жеткен аудан басшылары, прокуратура өкілдері халыққа жолаушыларды әкелмейтінін айтқан. Тек осыдан кейін халық тараған.
- Жұрт бұл жаққа коронавирусты жұқтырған адамдарды әкеле ме деп дүрлігіп кетті. Ешқандай ақпарат бермеген ғой. Ешкімге хабарламай, кереуеттерді қойып, Қытайдан адамдарды карантинге жатқызамыз деп айтып, дұрыс түсіндірмеген. Бұл Қазақстан азаматтары, біз оларды жәй ғана карантинге жатқызамыз, олар вирус жұқтырмаған адамдар десе бұлай дүрлікпес еді, - дейді Айболат Қ
асенов.