Көше бойындағы заңсыздыққа жол жоқ

Главные вкладки

дек 04, 2018 / 0 комментарии

Жол бойындағы жабай сауда – қоғамдағы шешілмей тұрған мәселелердің бірі. Салық төлеу арқылы арнайы сауда орындарын жалға алып, заң шеңберінде жұмыс істеуді қаламайтындар сол арқылы көше бойындағы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі туғызып, қоғамдық тәртіпті бұзып отырғандықтарын түсінбейді.

Бүгін аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторлары орталық базар маңында жеміс-жидек, киім-кешек сатып отырған алыпсатарларға кезекті рет ескерту жасады. Жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік  инспекторы Ерлан Қалдыбайұлының айтуынша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабында қоғамдық орындардағы бейберекет саудаға тиым салынған. Заң жүзінде мұндай әрекетке барғандарға 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке көтеріледі.

Жалпы, қоғамдық тәртіп тек құқық қорғаушыларға ғана жүктелмеуі керек. Оған тұрғындар түгелдей атсалысса, іс нәтижелі болары анық. Бұл ретте, ауданда «Көршілер бақылауы» жобасы жүзеге асып жатқандығын айта кеткен жөн. Бағдарлама қоғамдағы тыныштықты сақтап, адамдардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Яғни, қандай да бір тәртіп бұзушылық пен келеңсіз жайттың, қылмыстың куәсі болсаңыз, 8 (72771) 2-21-01, 8 (727) 300-12-72 телефондарына хабарласып, мәлімдей аласыз. Бұл жерде аты-жөніңізді айтудың қажеті жоқ, тек оқ иға орнын түсіндірсеңіз жеткілікті.