Токио Олимпиадасы 2021 жылы 23 шілдеде басталады

Главные вкладки

апр 01, 2020 / 0 комментарии

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы Токиода өтетін  ХХХII жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты бір жылға кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта Халықаралық  Олимпиада Комитетімен Жапония Үкіметі және Токио-2020 Олимпиадасының Ұйымдастыру комитетімен келесі жылға арналған жарыс ережелері туралы келіссөздер жүріп жатыр. Пікірталастың басты тақырыбы Олимпиада ойындарының күні болды. Ресми мәлімдемеге сәйкес, келесі жылы Олимпиаданың  1 күні өзгертілді, яғни 23 шілде мен 8 тамыз күндері өтетін болды. Сонымен қатар, жарыстың бағдарламасын жаңарту спортшылар мен жаттықтырушылардың жоспарларына айтарлықтай әсер етпейді.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары осы жылдың 24 шілдесі мен 9 тамыз  аралығында өтуі тиіс еді. 

Айбек Мұханов,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.