Қаскелең қаласында рейдтік жұмыс жүргізілді

Главные вкладки

мар 16, 2018 / 0 комментарии

Жуырда аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің Қаскелең қаласының сәулеттік келбетін жақсарту және абаттандыру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданындық кәсіпкерлік бөлімі қаладағы сервистік нысандардың санитарлық тазалығын, құжаттарының заңдылығын, сәулеттік келбетін тексеру үшін рейдтік жұмыс жүргізді.

Бұл іс-шараға арналған комиссия құрамында Қаскелең қаласы әкімі аппаратының, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, аудандық жер қатынастары бөлімінің мамандары және қаламыздың бірнеше мемлекеттік қызметкерлері болды.

Рейд барысында қаладағы орталық Абылайхан көшесінің бойында орналасқан дүкендерге, базарларға, дәріханаларға жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілді. Негізінен заңсыз ілініп тұрған жарнамалар мен тазалық мәселелері бас назарға алынды. Атап айтқанда, біразына жарнама жасау үшін де салық төлеу керек екендігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қарасай аудандық әкімі баспасөз қызметі.