Қытайдан шығуға 2 мың қазаққа рұқсат берілді

Главные вкладки

дек 11, 2018 / 0 комментарии

Отанына орала алмай жүрген Қытайдағы қандастарымыз туралы Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.

«Қазір жұмысты жалғастырып жатырмыз. Олар қамаламаған, бірақ ҚХР аумағынан шыға алмай жүр. Қазір Қытай тарапы 2000 қазаққа шекарадан шығуға рұқсат берді— деді Смадияров.

Сондай-ақ, Айбек Смадияров дипломатиялық арналар арқылы қытай тарапымен қандай құжаттар рәсімделуі керек екені анықталып жатқанын айтты.