8 наурызда елордалық көпбалалы аналарға 100 мың теңге төлене ме?

Главные вкладки

Feb 19, 2019 / 0 комментарии

Астана әкімдігі 8 наурызға қарасты көпбалалы аналарға 100 мың теңге беріледі деген ақпаратқа жауап берді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында мұндай төлем қарастырылмағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Аналарға берілетін 100 мың теңге туралы ақпарат мессенджерлерде таралған. Онда бұл төлем 8 наурызға қарасты төрт және одан көп баласы бар аналарға берілетіні айтылыпты.

Аталған мәлімет бойынша, "Күміс алқа", "Алтын алқа" мәртебесі бар аналарға, сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға материалдық көмек болады деп көрсетілген.

NUR.KZ бұл ақпаратты анықтау үшін елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгінді.

"Бұл жалған ақпарат. Whatsapp желісінде таралған мәліметте 100 мың теңгені жұмыспен қамту бөлімдері бекітеді деп айтылған. Мүмкін, бұл басқа облыстарда шығар, бірақ Астанада емес. Бізде мұндай төлем жоқ. Бізде көпбалалалы аналарға 8 наурыз күні 6013 теңге көлеміндегі төлем төленеді. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы", - деді басқармада.