Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері артады.
Құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.
Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.