Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
2024 жылы уақыт белдеуі бір сағатқа кері жылжуы мүмкін

2024 жылы уақыт белдеуі бір сағатқа кері жылжуы мүмкін

08.12.2023
Жаңа Қазақстан
25
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Ашық НҚА” порталында “Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі” туралы 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпараттық порталы.

Оған сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы 5-шi сағаттық белдеуде орналасады. Осыған байланысты бірнеше өңір 2024 жылы наурызда жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытады.

“Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын”, – делінген құжатта.

Айта кетері, елімізде UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылады. Елдің көп бөлігі (батыс өңірлерді қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан. Енді сарапшылар елді бір сағатқа – UTC+5 ауыстыруды ұсынып отыр.
Ғалымдардың пікірінше, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ритмдар мен адам денсаулығына кері әсер етеді.
Осы мәселені кешенді пысықтау мақсатында сауда және интеграция министрлігі жанынан тиісті жұмыс тобы құрылды, оның құрамына парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың көпшілігі, ғылыми институттар, медициналық жоғары оқу орындары мен қоғам қайраткерлері кірді.
Жұмыс тобының бастамашыл мүшелері “Қазақстан Республикасындағы уақытты есептеуді зерттеудің негізгі нәтижелері” есебін дайындады, онда уақыт белдеулерін реттеу немесе оларды күн (табиғи) уақытпен үндестіру халықтың денсаулығына, экономикаға, білімге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететіні аталып өтті.

2023 жылғы 1 желтоқсанда жұмыс тобының отырысында есеп бекітіліп, Қазақстан Республикасында UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуін енгізу ұсынылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл нұсқа ең дұрыс және қолайлы, Қазақстанның көптеген өңірі үшін табиғиға жақын уақытты пайдалануға мүмкіндік береді. Осыны ескере отырып, үкімет қаулысының жобасы әзірленді.

Құжат 22 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz