Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Әблязов банктен ақша ұрлап, АҚШ-та жылыстатты

Әблязов банктен ақша ұрлап, АҚШ-та жылыстатты

03.08.2023
Жаңа Қазақстан
81
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Америка соты Мұхтар Әблязовтың “БТА Банктен” ақша ұрлап, оны АҚШ-та жылыстатты деп таныды. Бұл туралы “БТА Банк” АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Банктің хабарлауынша, 2023 жылдың 31 шілдесінде Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік сотының судьясы Джон Г. Кёльтл Triadou SPV S.A. қарсы “БТА Банк” АҚ пайдасына ақшаны жылыстату фактісі бойынша кінәлі деп таныды.

Жалпы 193 млн АҚШ долларынан астам сома жылыстатылғаны анықталды. Судьяның шешімі 2022 жылдың желтоқсан айындағы алқабилер сотының үкімінен кейін шыққан. Сот шешімі бойынша Triadou компаниясы қаржы жымқырғаны және заңсыз байығаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Алқабилер сотының үкімінен бөлек, судья іс материалдарымен танысып, 66 бетте өз шешімінің негіздемесін егжей-тегжейлі баяндап берді. Осылайша сот БТА-ның Triadou-ға қарсы сенімгерлік мүлкі мен БТА қаражатының көмегімен табылған кез келген қаражатқа қатысты талап-арызын мойындады. Сондай-ақ сот БТА-ның Triadou-ға қарсы бірқатар активтеріне қатысты талаптарын қанағаттандырды”, – делінген хабарламада.

Triadou SPV компаниясын Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ілияс Храпунов құрған және оның тікелей басшысы болып саналады. Судья Triadou компаниясы БТА-дан ұрланған 70 миллион АҚШ долларынан астам ақша алғанын атап өтті. Қаражат Нью-Йорктегі және АҚШ-тың басқа жерлеріндегі жылжымайтын мүлікке инвестициялағанын айтты.

“Сот қорытындысында баяндалғандай: “Сотта ұсынылған дәлелдерге сәйкес, АҚШ-тағы Triadou атынан инвестицияланған қаражат Әблязовтың басқа компания арқылы БТА-дан ұрлаған 115,3 миллион долларымен тікелей байланысты. Ілияс Храпуновтың Triadou SPV бас компаниясын үшінші тұлға Филипп Глатцқа саттым дегеніне қарамастан, сот мынадай қорытындыға келді: “Глатцтың (Triadou SPV-ны – ред.) сатып алуы жалған болып шықты, оның құнын Ілияс өзі төлеген және ол тіпті сот процесі басталғаннан кейін Triadou-ды басқаруды жалғастырған”, – деді “БТА Банк” өзінің хабарламасында.

Судья мен алқабилер соты куәгерлерді, оның ішінде Әблязов пен оның сыбайластарын, сондай-ақ БТА-ға қарсы жасалған ірі алаяқтықтың құрылымын түсіндірген сарапшыларды тыңдап шықты. Судья Әблязовтың “оффшорлық компанияларға жалған несие беру” арқылы миллиардтаған долларды ұрлау үшін БТА корпоративтік бизнес әкімшілігін пайдаланғаны туралы БТА ұсынған дәлелдемелерді толыққанды және сенімді деп қабылдады.

Судья былай деп қорытындылады: “Банктің клиенттері” болған оффшорлық компаниялар Әблязовтың иелігінде немесе бақылауында болған, ал ол берген “қарыздарда” ешқандай да экономикалық себеп болмаған. Тәуелсіз тараптар арасындағы мәміле жасаудың орнына, (жалған компанияларға – ред.) берілген несиелер арқылы Әблязов “БТА Банкінен” ұрланған қаражатты заңсыз иемденген фактісін жасыруға қолданған”.

Сот Әблязовтың сыбайластарының айғақтары мен олардың қаражат көзі туралы балама түсіндірмесін “сенімсіз” деп танып, қабылдаған жоқ.

Мэттью Л. Шварц, Boies Schiller Flexner ЖШС басқарушы серіктесі және БТА өкілі: “Біз Нью-Йорк судьясы мен қазылар алқасына Мұхтар Әблязовтың “БТА Банкін” алдап, миллиардтаған АҚШ долларын ұрлағанын және АҚШ-та оны жылыстатқанын дәлелдей алдық. Бұл іс “БТА Банкінің” әділдікке қол жеткізу бойынша маңызды қадамы болды және Әблязов пен оның сыбайластарын жауапқа тартуда шешуші іс болды. Біз алқабилер мен АҚШ округтік сотының дәлелдемелерді мұқият қарастырғаны үшін алғыс айтамыз”.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Кегендегі қымызмұрындықтағы келеңсіздік: әкімдік не деп ақталды?

Кегендегі қымызмұрындықтағы келеңсіздік: әкімдік не деп ақталды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz