9 қазанда Алматы-Бішкек автожолының 43-шақырымында 37 жастағы әйел “Хюндай” автокөлігімен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1987 жылғы О. есімді азаматтың басқаруындағы автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды kaskelen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөлімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.