Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Алты баласы жетім қалды”: Таразда ТЖД басшыларының төбелесі өліммен аяқталды

“Алты баласы жетім қалды”: Таразда ТЖД басшыларының төбелесі өліммен аяқталды

21.11.2023
Жаңа Қазақстан
254
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жамбыл облысында өрт сөндірушілер өзара төбелес шығарды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылары Тараз қаласының орталығында төбелесіп, оның соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды kaskelen.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Лаура» қонақүйінің маңында болған төбелеске лауазымды тұлғалар қатысқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан сұлап түскені анық байқалады. Соққыға жығылған адам жедел жәрдем көлігі  келгенше жан тапсырған.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Кейін марқұмның Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал оны ұрып өлтірген адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігі аталған жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ.

Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. Аталған жағдайға қатысты полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеуге өрт сөндіру қызметінің өзге де қызметкерлері алынды.

«17 қарашада Тараз қаласындағы М.Х. Дулати көшесінде ер адамдар сөзге келіспей қалып, олардың біреуі екіншісіне соққы жасаған. 41 жастағы ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жанжалға қатысушылардың Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екені анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істің толық мән-жайын анықтау үшін оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді.Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеп-тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қаза болған подполковниктің артында алты баласы жетім қалды.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
“Бәрі сол Жанаттың еңбегі”: Абай Бегей марқұм әйелін еске алып көз жасына ерік берді (видео)

"Бәрі сол Жанаттың еңбегі": Абай Бегей марқұм әйелін еске алып көз жасына ерік берді (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz