Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Балаға көмектесе алмаймын, ақшам жоқ”: әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

“Балаға көмектесе алмаймын, ақшам жоқ”: әнші Кенжебек Нұрдолдайға тұрмысқа шықтым деген қыз шындықты айтты

21.11.2023
Жаңа Қазақстан
588
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жастар арасында ерекше даусымен танылған Кенжебек Нұрдолдайдың басы дауға қалды. Жазда шаңырақ көтеріп, отбасылы болған әнші тойды бейнебаянға арналған түсірілім деп жауап берді. Ал әйелі Жамила әлеуметтік желіде тойдың болғанын және әншіден бір баласы барын айтып, шындықты жайып салды,  деп хабарлайды kaskelen.kz Massaget.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Туғанынан көзі көрмейтін әнші ТМД елдерін бағындырды.Танымал ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың “Песни от всей души” бағдарламасына қатысып, қалың көпшілікке танылды. Жары Жамила да өнерден алыс емес. Айтуынша екі жасты өнердегі достары таныстырған.

“Біздің махаббат хикаямыз былтыр күздің қыркүйек айында басталған. Ортақ музыкант достарымыз арқылы таныстық. Басында дос болып араластық, кейін бір-бірімізге сезіміміз оянып, ғашық болдық. Кенжебек отбасын құрғысы келді. Мен де үлкен өмірге дайын болдым. Екеуміздің ойымыз бір жерден шығып, отбасын құрдық. Алдымен менің ата-анаммен танысып, әкемнің батасын алдық. Одан кейін Кенжебектің отбасымен таныстым”, – дейді ол.

Алайда екі жас тойды бірден жасамаған. Оған Кенжебектің ата-анасы асықпаған әрі жақын туысы қайтыс болып, той кейінге шегеріле берген.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Тойды жаңа жылға дейін өткізбекші болғанбыз. Бірақ ата-анамыз қарсы болды. Кенжебектің жақын туысы қайтыс болғасын жылын өткізгеннен кейін жасаймыз деп сендірді. Әрі бір-бірін жақсы танысын, асықпасын деп ақылдарын айтты. Одан кейін Кенжебектің достары мені ақшасы мен атағына қызықты деп ойлады. Шындығында біз танысқанда оның “Шоколад” деген әні де болмады. Айтуынша, ол әнді маған арнаған еді. Табыс пен атақ, танымалдылық біз танысқаннан кейін болды. Оны шын сүйгендіктен ештеңеге қарамадым”, – деп ағынан жарылды.

Кенжебек қаңтарда Меккеге барып, сол жақта бір қызбен танысып келген. Қазір олар бірге тұрып жатыр әрі мұсылмандық неке қиып та үлгерген. Ал Жамила ұлын босанып, жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

“Ұлым Сабырдың туғанына 14 күн болғанда Кенжебектің басқа қызбен мұсылмандық неке қиғанын біліп қойдым. Ұлым екеумізді үйден қуып шығып, сол қызға кетіп қалды. Кейін Кенжебектің анасы немересін көруге келді. Ол да мұсылмандық неке қиғанын айтып кетті. Кенжебек маған қол көтерсе де, отбасымызды сақтап қалуға тырысып едім. Қатты күйзеліске түсіп, мерзімінен бұрын босандым. Өте көп қан жоғалттым. Бірақ аман-есен ұлымды дүниеге әкелдім. Өз тегіме жаздырдым. Балаға көмектесе алмаймын, ақшам жоқ” деді. Бірақ сол күні көлік алып жатқанын естідім, – дейді Жамила.

Жалғызбасты анаға бір сәтте шындықты жайып салу оңай тиіп жатқан жоқ. Алайда Кенжебек өмірде болған шын оқиғаның бәрін жоққа шығарып, бейнебаян деп сұқбат бергеніне шамданып қалған.

“Алматыдағы концертінен кейін мұсылмандық неке қиған отбасы барын, Меккеде танысқанын айтып сұқбат берді. Біздің тойымызды бейнебаянның түсірілімі деп айтқан. Бірақ мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Өзіне хабарласып, “халыққа бірге емес екенімізді айтайық, балалы болғанымызды да жасырмайық, сенің басқа қызға кетіп қалғаның туралы өсекке нүкте қояйық, бір шешімге келейік” деп айтқанымда, “өзара шешілген” деп ат тонын ала қашты. Мен соңына дейін баламды жалғыз өсіргім келмей, отбасымды сақтауға тырыстым. Ешкімге сыр ашпадым. Алайда сол сұқбатты көргеннен кейін менің де көңілім суыды. Соңғы рет неге өтірік айттың деп жазғанымда, жауап бермей, бүкіл жерден бұғаттап тастады”, – деп ренжіді Жамила.

Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде зағип әнші Кенжебек Нұрдолдаймен тілдесіп, оған үш бөлмелі пәтер сыйлаған болатын. Одан кейін әншінің көзіне Ыстамбұлда ота жасауға көмектесетінін де айтқан еді.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
“Алты баласы жетім қалды”: Таразда ТЖД басшыларының төбелесі өліммен аяқталды

"Алты баласы жетім қалды": Таразда ТЖД басшыларының төбелесі өліммен аяқталды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz