Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Біз әлі ашық, демократиялық елде тұрмаймыз”: Экс-министр Біртанов өзіне жемқорлық айыбын таққандардың атын атаудан қорқады

фото: ашық дереккөз

“Біз әлі ашық, демократиялық елде тұрмаймыз”: Экс-министр Біртанов өзіне жемқорлық айыбын таққандардың атын атаудан қорқады

27.11.2023
Жаңа Қазақстан
124
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жемқорлық бойынша айып тағылған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне айып таққандардың нақты кім екенін білмейтінін және есімдерін атауға қорқатынын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Қасқа жол” YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Журналист экс-министрден Тоқаевтың алдына бізде Біртановқа қатысты бұлтартпас айғақ бар, ол кісі жемқорлыққа батқан екен, оны ұстауға рұқсат беріңіз деген хатты кім ұсынғанын сұрады.

“Мен де бұл әңгімені естідім. Себебі бұл әңгіме интернетте бар. Бұл қағазды өзім көрген емеспін. Сыйлайтын азамат осындай әңгіме айтқан соң сенімім бар. Күрделі деңгейде мені, әріптестерімді, тұтас денсаулық сақтау жүйесін тексерді. Президентке осындай ақпарат жетсе жақсылап тексеріп, анықтаңдар деген тапсырма береді әрине. Бірақ нәтиже бойынша сотта Біртанов ақша ұрлады, пара алды деген ешқандай айыптау болған жоқ. Мен қазір де айтамын, пара алған, коррупцияға батқан адам емеспін”, – деді Біртанов.

Бұған қоса экс-министр өзін айыптаған адамдардың аты-жөнін атаудан қорқатынын айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Шынын айтсақ, әрине қорқамын. Біріншіден, өкінішке орай біз әлі ашық, демократиялық елде тұрмаймыз. Екіншіден, олардың атын нақты білсем айтар едім. Олардың кім екенін нақты білмеймін. Түрлі ойлар, версиялар болады. Мен қазір оны ойламаймын. Тергеу барысында, сот кезінде сондай ойлар болды. Бірақ қазір сот бітті. Сот үкімі күшіне енгізілді. Оны орындап жүрмін. Мен енді қылмыскер деп саналамын. Ары қарай өмір сүру керек. Менің, отбасымның алдында мақсаттар бар. Менің ойымша ерте ме, кеш пе бәрі анықталады. Жалпы Біртанов пен Олжас Әбішев жемқор емес деген жағдай анықталады деп сенемін”, – деді Біртанов.

Еске сала кетейік, Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған еді. Қаржы мониторингі агенттігінің (AFM) бағалауы бойынша, орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңгені құрайды. Біртановқа сондай-ақ “2020 жылдың маусым айында санитарлық авиацияның ұшағын жеке мақсатта пайдаланған кезде” өкілеттігін асыра пайдаланды” деген айып тағылды.

Алайда экс-министр өз кінәсін мойындамады.

 

Тег: Елжан БіртановҚасым-жомарт ТоқаевҚылмыскер

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Наслаждайтесь свежими летними ароматами Турции!

Наслаждайтесь свежими летними ароматами Турции!

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz