Желіде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды көше ортасында теуіп, ұрып-соғып жатқан видеосы тарады деп хабарлайды Kaskelen.kz
Кадрларда ол қызды қолындағы қатты сөмексімен түйіп, қатты жұлқылап ұрады. Осы оқиғаға байланысты полиция түсініктеме берді.
Полиция мәліметінше 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдіріп ұрған.
“Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі “Ұрып-соғу” бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды”, – делінген полиция хабарламасында.