Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
«Дәулет Мұқаевқа сеніп қалдық» : Алматылықтар құрылыс компаниясына алданып қалды

«Дәулет Мұқаевқа сеніп қалдық» : Алматылықтар құрылыс компаниясына алданып қалды

11.08.2023
Жаңа Қазақстан
71
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда елуге жуық пәтер алғысы келген халық құрылыс компаниясынан ақшасын қайтара алмай жүр деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Баспана аламын деп аузынан жырылған салымшылар алаяқтарға тап болдық деп күмәнданады. Сөздерінше, компания иелері миллиондаған қаржыны алып, қашып кетуі мүмкін. Ал пәтер кілтін осы жылдың соңында алуы керек болған.

Салымшылар құрылыс компаниясының кеңсесінің алдына жиналған. Олар құрылыс алаңында жұмыстардың тоқтап тұрғанына 8 ай болғанын айтады. 

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

“Желтоқсаннан бері құрылысты бақылап жүрміз. Қазір тек іргетасы құйылған. Бұдан кейін келісімшартты сәуірде бұздым, ал шарт бойынша компания ақшаны қайтаруы керек. Қазір тамыз айы болды. 4 ай өтсе де, ақшаны ала алмадым”, – деді Айымгүл Нысанбаева.

Жиналғандардың айтуынша, компания барлығы 100 миллион теңгеден артық ақша қарыз. Егер шара қабылдамаса, компания иелері ақшаны алып жасырынып қалуы мүмкін дейді. Оның үстіне бұл компанияға блогер әрі депутат Дәулет Мұқаевтың жарнамасынан кейін ақша құйыпты. 

“Бұл құрылыс компаниясын таңдауыма Дәулет Мұқаев себепкер болды. Депутат атанғанға дейін қоғам пікірін қалыптастырушы болды. Халыққа қаржылық сауатты үйретті. Тиімді бағдарлама бойынша үй алуда көмектесті. Сондықтан оның жарнамасына сендім”, – дейдіҚуат Керімбеков.

Max Bet PV2 құрылыс компаниясының өкілдері ешкімді алдамағанын жеткізді. Қазіргі таңда кей құжаттардың болмауына байланысты құрылысты тоқтатып қойған. 

“Иә, үйді желтоқсанда береміз дедік. Бірақ жобада өзгерістер болды. Бастапқы сәулет-жобалау бойынша ғимаратта 3 қабат болуы керек. Енді 5 қабат салғымыз келеді. Сондықтан құжатты өзгерту керек. Келесі жылдың мамырында үйлердің кілтін табыстаймыз. Пәтер алғысы келмейтіндерге ақшаны толығымен қайтарамыз. 25 қыркүйекке дейін барлығына ақшасын беруге уәде береміз”, – деп айтты Max Bet PV2 құрылыс компаниясының директоры Берік Нұрмағамбетов. 

Тег: алаяқтарДәулет МұқаевкаскеленкзҚұрылыс компаниясы

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
СҚО ауыл әкімдігі 7,5 млн теңгеге орындық сатып алмақшы болды

СҚО ауыл әкімдігі 7,5 млн теңгеге орындық сатып алмақшы болды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz